Абай облысында кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау қарқынды

Абай облысында кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау қарқынды

Абай облысында кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасын іске асыру аясында халықтың әлеуметтік осал топ өкілдеріне кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға 400 АЕК-ке дейінгі өтеусіз мемлекеттік гранттар беріледі.

 

Грант иегерлерінің бірі Қайрат Перизат Серікқазықызы биыл Үржар ауданында өз кәсіьін ашты.

 

Жаңа өтінімдер 2023 жылдың 11-22 қыркүйек аралығында қабылданатын болады.

 

Ағымдағы жылы 204 грант беру жоспарланса, оның 128-і берілді. Көп балалы отбасылар – 70, мүгедектер – 22, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар– 20, АӘК алушылар – 7, асыраушысынан айрылған жәрдемақысын алатындар – 7, ішкі көші-қонмен келгендерге - 2.

 

Грант алуға жұмыссыздар және кем дегенде тіркеу мерзімі үш жыл болған жеке кәсіпкерлер өтініш бере алады. Бұл ретте өтініш беруші әлеуметтік осал топ санатының біріне жатуы, сондай-ақ үш жылдан аспайтын мерзімде «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерінен оқудан өткені туралы сертификаты болуы тиіс.