Шар қаласындағы ірі кәсіпорынның 90 жылдық мерейтойы аталып өтілді

Шар қаласындағы ірі кәсіпорынның 90 жылдық мерейтойы аталып өтілді

Шар қаласындағы «Қамқор локомотив» ЖШС ірі өндіріс орнының құрылғанына 90 жыл толып отыр. Қалада көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты ісшара өтіп, волейбол алаңыашылып, тепловоз машинисі Мақсұт Жолымбетовке арналған ескерткіш тақта ашылды.

 

Жарма ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров Шар локомотив жөндеу депосының қызметкерлерінің еңбектеріне табыс тілеп, өңір экономикасының дамуына үлес қосқан азаматтарға алғыс хаттар табыс етті.

 

Сонымен қатар, Көлік және коммуникация министрлігінің өкілі Аслан Нүсіпқұл теміржолшыларды құттықтап, министрліктің Алғыс хаты мен «Құрметті теміржолшы» төсбелгісін табыстады.

 

Бүгінде кәсіпорында 135 жұмысшы, 5 цех пен 1 өндіріс орны жұмыс істейді. Өндіріс тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасалынған. Өткен жылы компания «Золотая каска - 2023» сыйлығын иеленген.

 

Іс-шарада концерттік бағдарламамен қатар, спорттық ойындар да ұйымдастырылды.