2 тамыздан бастап облыс кәсіпкерлері өз бизнес жобаларын таныстырып жатыр

2 тамыздан бастап облыс кәсіпкерлері өз бизнес жобаларын таныстырып жатыр

Аталған жобалардың барлығы «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясындағы байқауға қабылданды.

«2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы» шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес, кәсіпкер өз бизнес-жобасын конкурстық комиссия отырысында, оның ішінде бейнеконференция байланысы арқылы жеке өзі таныстырады.

Бизнес-жобаны таныстыруға байқау комиссиясы мүшелері, хатшысы және байқаушылардан басқа үшінші тұлғалардың қатысуына тыйым салынады.

Барлық сұрақтар бойынша «Абай облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» ММ-не хабарласуға болады: Семей қаласы, Ұранхаев көшесі 1/1 А, тел. 87719057777 Мұрат, 87075731435 Алинура.