Семейде Абай облысында тігілген мектеп формаларының жәрмеңкесі ашылды

Семейде Абай облысында тігілген мектеп формаларының жәрмеңкесі ашылды

 

Абай облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының қолдауымен өңіріміздің жеңіл өнеркәсіп ұйымдарына қолдау көрсету мақсатымен 1-6 тамыз күндері аралығында мектеп формаларының жәрмеңкесі өтіп жатыр.

 

Оған облысымыздың 5 кәсіпорыны өнімдерін ұсынып отыр. Тауар бағалары қол жетімді, сапасы жоғары.

 

Мекенжайы: Сәтбаев көшесі, 164 «Ертіс» сауда орталығы (Тері өңдеу зауыты ауданы)

 

Уақыты: 09.00-17.00 аралығы

 

Қатынайтын қоғамдық көліктер: № 2, № 3, № 16, № 22.

 

Облысымыздың тұрғындары мен қонақтарын жәрмеңкеге

шақырамыз!