Жыл басынан бері мемлекеттік қызметтердің 98,1% электронды түрде көрсетілген

Жыл басынан бері мемлекеттік қызметтердің 98,1% электронды түрде көрсетілген

 

Абай облысындағы жергілікті атқарушы органдар бірінші жартыжылдықта жалпы саны 2,791 млн мемлекеттік қызмет көрсеткен. Қашықтықтан көрсетілген қызмет саны 2,739 млн. құрайды. Ал, қызметтің небәрі 0,01 пайызы, яғни 344 қағаз түрінде көрсетілген.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚО) арқылы – 1856 (0,66%), ал «Электрондық үкімет» порталы арқылы – 1 318 442 қызмет (47,3%) берілген.

 

Қызметтің бір бөлігі «Е-лицензиялау» порталы арқылы жүзеге асырылды. Оның жалпы саны - 12 341 (0,44%) құрады. Электронды түрде көрсетілетін қызметтің ақпараттық жүйелері арқылы, оның ішінде қызмет алушымен тікелей байланыссыз – 917 054 (32,8%), тікелей байланыс арқылы – 491 203 (17,6%) құжат ұсынылған.

 

Өткен жылғы көрсеткішпен салыстыратын болсақ, былтыр екінші жартыжылдықта 2,514 млн қызмет көрсетілсе, оның 96,8% электронды түрде жүзеге асырылған.