Атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) алуға онлайн өтініш беруге болады

Атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) алуға онлайн өтініш беруге болады

Қазіргі кезде Абай облысында 4325 аз қамтылған отбасынан 21575 адам атаулы әлеуметтік көмек түрінде мемлекеттен қолдау алуда.

 

Атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, ел астанасында белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға (отбасыларға) мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау.

 

Ол отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал етуге бағытталған.

 

Әлеуметтік кодекс аясында мемлекет тарапынан гранттар мен жеңілдетілген шағын несиелер беру арқылы өз ісін ашуға, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шаралары қарастырылған.

 

АӘК тағайындау үшін азаматтар үйден шықпай «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы да өтініш бере алады. Азаматтар өз өтінішерін ЭЦҚ-сымен растаған соң портал оны уәкілетті мемлекеттік органның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жібереді.

 

Өтініш беруші қажетті құжаттарды тапсырған кезде оның «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

 

Абай облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының, қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің ресми парақшаларында танымдық-түсіндірі бейнероликтер орналастырылған.