Көкпекті ауданында жолдар жөнделуде

Көкпекті ауданында  жолдар  жөнделуде

Көкпекті тұрғындары  жолдың сапасы туралы облыс басшылығымен болған кездесуде  айтып, қолдау көрсетуді сұраған болатын. 

Ішкі жолдарды салып, қайта жаңғырту аясында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу 5 жоба бойынша  жүзеге асырылатын болады.

Көкпекті ауылының Авдеев,Уәлиханов-Әбішев, Аведеев-Кенесары Бакин, Цепура-Аухадиев, Бейсембаев, Кегенбай би көшелеріне және Абай көшесінің бір бөлігіне жалпы ұзындығы 5 км құрайтын орташа жөндеу жүргізіледі.

Сонымен қатар Үлкенбөкен, Преображенка ауылдарының көшелеріне жиыны 8 шақырым жол орташа жөндеуден   өтіп,  жұмыстар  ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін аяқталмақ.