Абай облысындағы құрғақ шөп өрті басылды

Абай облысындағы құрғақ шөп өрті басылды

2023 жылдың 17 шілде күні 07:14 - минутта Көкентау ауылдық округінде құрғақ шөптің жануы басылды.
⠀
Жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес өрт аумағы – 3 мың га.
⠀
Қазір толықтай сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
⠀
Елді мекендерге қауіп жоқ.
⠀
Өртті жоюға жергілікті атқарушы органдардың, Абай облысы ТЖД және 68303 әскери бөлімінің күштері мен құралдары, барлығы 115 адам және 18 техника жұмылдырылды.
⠀
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 15 шілде күні «101» пультіне Семей қаласынан 75 км жерде Көкентау ауылдық округінде таулы жерлерде құрғақ шөптің жануы орын алғаны туралы хабарлама келіп түскен болатын.