
2023 жылғы 15 шілде «101» пультіне Семей қаласынан 75 км жерде орналасқан Көкентау ауылдық округіндегі құрғақ шөп жанғаны туралы хабарлама түсті.
⠀
Оқиға орнына жергілікті атқарушы органдардан, Абай облысының ТЖД және 68303 әскери бөлімінен күштер мен құралдар дереу жіберілді.
⠀
Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша өрттің алдын ала ауданы 3 000 гектарды құрады.
⠀
Қазіргі уақытта 223 гектар жерде өрт белсенді түрде жанып жатыр.
⠀
Өртті сөндіруге 115 адам, 18 бірлік техника мен ТЖМ-нің 1 әуе борты жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Әуе кемесі келген сәттен бастап өрт ошақтарына 16 рет су төкті.
⠀
Елді мекендерге қауіп жоқ.