
Өңіріміздің 2023 жылға арналған бюджетінің жылдық көлемі – 384 165,6 млн. теңге. Оның ішінде облыстық бюджет – 250 685,5 млн.теңге, аудандар мен қалалар бюджеті – 133 480,1 млн. теңге.
Биылғы алты айда 167 328,1 млн.теңгенің жоспар бойынша 99,8 пайыз (166 960,8 млн. теңге) игерілді.
Ал бөлінген қаражаттың негізгі бөлігі мына салаларға бағытталды:
- Білім беру – 80 005,7 млн. теңге;
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 16 279,5 млн. теңге;
- Көлік және коммуникация – 14 381,8 млн. теңге;
- Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары – 13 812,7 млн. теңге;
- Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру – 13 097,5 млн. теңге;
- Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 7 019,6 млн. теңге;
- Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі – 3 635,5 млн. теңге;
- Өзге салаларға – 18 728,5 млн. теңге.
І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша облыс бюджетінің игерілу көрсеткіші – 99,8 пайыз. Игерілмеген қаражат қалдығы мемлекеттік сатып алу нәтижелеріне сәйкес, негізгі құралдарды сатып алу және басқа да шығыстарды үнемдеу есебінен қалыптасты.
Жалпы, осы жылдың өткен айларымен салыстырғанда облыс бюджетінің атқарылуының оң серпіні байқалады.