
Семейліктерді толғандыратын мәселелердің бірі - тұрғын үй. Өңір басшысының қабылдауына көпбалалы аналар, жалғызбасты аналар, зейнеткерлер жазылды.
Жеке әңгімелесу форматында өткен кездесуде облыс әкімі азаматтардың толғандырған мәселелерді тыңдап, оларды қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалармен таныстырды. Сондай-ақ, қажетті құжаттарды дайындауға көмек көрсетуді Семей қаласының әкіміне тапсырды.
Тұрғындар табиғи апатқа байланысты орман шаруашылығын заманауи техникамен және байланыс құралдарымен жабдықтау мәселесін де көтерді.
Облыс басшысы арнайы комиссия осы проблемалардың бәрін қарастырып, жиналған қаражаттың көп бөлігін дәл осы мақсаттарға жұмсайтынын жетуізді.
30-дан астам адамды жеке қабылдау шамамен үш сағатқа созылды.