
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты шарада «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Осы байқау аясында республикалық комиссияның шешімімен Абай облысы Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы бас жүлдені жеңіп алып, «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» атағына иеленді.