Құрметті әріптестер! Қадірлі мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері!

Құрметті әріптестер! Қадірлі мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері!

Баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз -   Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер дана Абайдың «пайда ойлама, ар ойла...» деген ұлағатты сөзін ұстанып, жауапкершілігі жүгі мол салада қызмет етіп келесіздер.  

Мемлекет мүддесін биік қойып, асқақ мұраттарға жету жолында іскерліктеріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз өздеріңізді әрдайым алға жетелей берсін.

Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бақыт және бейбіт ғұмыр тілеймін!

Мереке құтты болсын!