Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Каштак орманшылығында болды

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Каштак орманшылығында болды

Жедел штабпен кездесіп, орман өртін сөндіру жұмысы барысымен танысты.

Қызыл жалынды ауыздықтауға еліміздің түрлі өңірлерінен келген өрт сөндірушілер қол ұшын созуда. Өртті сөндіру бойынша Төтенше жағдайлар министрінің байланыс торабы және жылжымалы басқару пунктері ұйымдастырылған.