
Өртті сөндіру бойынша жұмыс тәулік бойы негізінен екі бағытта – Жерновка, Шүлбі және Каштак ауылы аумағында жүргізіледі.
Табиғи өртті сөндірудің және жоюдың барлық қатысушыларының күш-жігерінің арқасында тұтастай алғанда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілді.
Мәселен, Каштак ауылының ауданында жеке құрамнан 200 адам, 30 бірлік техника, 3 тікұшақ жұмылдырылды. Жерновка-Шүлбі ауданында 300 адам, 40 бірлік техника және 9 тікұшақ бар.
- Соңғы күндері өрттің көлемі айтарлықтай қысқарғанын, өртті сөндіру жұмыстары тұрақты бақылауда екенін айту керек, - деді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.
Значительно сократилась площадь пожара - Нурлан Уранхаев