FAKE ақпарат

FAKE ақпарат

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Абай облысында апат аймағында жұмыс істеп жүрген өрт сөндірушілерге ауыз су жетпей жатқаны туралы ақпарат тарап жатыр.

 Аудио жазбада белгісіз әйел Бородулихада ауыз судың жоқтығын, өрт сөндірушілер аптап ыстықта шөлдерін қандырмай жұмыс істеуге мәжбүр болғанын айтады.  Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

 Ауыз суды әкімдік пен еріктілер күн сайын жеткілікті мөлшерде таратуда.  Ауыз су цестернамен жеткізілуде.

 Өртті сөндіруге қатысқандардың барлығын далалық асханалар ыстық тамақпен үздіксіз қамтамасыз етуде.