Орман өрті салдарынан Шүлбі ГЭС-ке қауіп төну туралы ақпарат - жалған

Орман өрті салдарынан Шүлбі ГЭС-ке қауіп төну туралы ақпарат - жалған

Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде пайда болған өрт Шүлбі ГЭС-ке жақындағаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Абай облысының ТЖД бастығының орынбасары Алексей Штыкел бұл қауесетті жоққа шығарып, қазіргі уақытта ГЭС-ке нақты қауіп жоқ екенін атап өтті.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, күштер мен құралдар өрттің таралуын бақылайды», – деп атап өтті Штыкел.

БАҚ пен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін бас бостандығынан айыруға дейін жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз. Азаматтарды дүрбелеңге түспеуге және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз.