«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 11 мектептің құрылысы жүргізіледі

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 11 мектептің құрылысы жүргізіледі

2022 жылы Абай облысында 1 700 орындық 4 мектеп салынды. Жеке инвестициялар есебінен Семей қаласында 650 оқушыға арналған 1 мектеп ашылды. Бұл туралы ОКҚ-ның көшпелі баспасөз конференциясы барысында өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев хабарлады.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдары 5700 орындық 11 мектептің құрылысы жоспарланған. Биыл 5 мектеп салынбақ.
«Осы жылы облыс орталығында 1200 орындық мектептің құрылысы басталды», - деді облыс басшысы.

2025 жылға дейін Білім беру инфрақұрылымын қолдау Қорының қаражаты есебінен 6 шағын жинақталған мектеп, жұмыс істеп тұрған мектептерге 6 қосымша құрылыс салынды.