Абай облысы бойынша 10,8 млрд теңгеге 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанын салу жоспарланған, оның ішінде 57 нысанның құрылысы биыл басталады, деді өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев ОКҚ-ның көшпелі баспасөз конференциясы барысында

Бұл жұмыстар «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясында 2025 жылға дейін жүргізіледі.
Облысты дамытудың Кешенді жоспарына Семей қаласында 100,4 млрд теңгеге 5 медициналық нысанның құрылысы енгізілген.

«Инвесторлар есебінен қажетті құжаттаманы дайындау жұмыстары жүргізілуде, осылайша 709,2 млн теңге көлемінде бюджет қаражаты үнемделді», - деді облыс әкімі.