"Құрылыс учаскелерінде мұнара крандарын пайдалану" – туралы дөңгелек үстел

"Құрылыс учаскелерінде мұнара крандарын пайдалану" – туралы дөңгелек үстел

2023 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті "2023 – 2025 жылдарға арналған еліміздің құрылыс объектілерінде жүк көтеру механизмдерінің (мұнара крандарының) операторларымен байланысты өндірістік жарақаттанудың алдын алу және өлім-жітімді азайту жөніндегі жол картасы" шеңберінде дөңгелек үстел өткізді.

Кеңеске "Абай облысын бақылау басқармасы (МТК, еңбек инспекциясы)" ММ, "Абай облысының Семей қаласының құрылыс бөлімі" ММ, "Абай облысының Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ өкілдері, сондай-ақ жүк көтергіш крандарды пайдаланатын ұйымдардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында кәсіпорындарда өндірістік бақылауды жүзеге асыруға, мұнара крандарын жөндеуді, техникалық қызмет көрсетуді және техникалық куәландыруды жүргізетін мамандандырылған ұйымдардың қызметіне қатысты мәселелер көтерілді және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістер, сондай-ақ жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, пікірмен алмасты.