Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Сұрақтар негізінен әлеуметтік, тұрғын үй салаларына, білім беру және ТКШ мәселелеріне қатысты болды.

Мәселен, жергілікті тұрғындар «Треугольник» шағын ауданын жарықтандыру мәселесін шешуді сұрады, оны маусым айында қарау жоспарлануда, мамандар тексеру жүргізіп, акт жасайды. Тағы бір тұрғын студентті грантқа ауыстыруды және тұрғын үйге көмек көрсетуді сұрады.

Бұдан басқа, адамдар облыс әкімінен тозған электр желілерін жаңартуға, ауыз сумен қамтамасыз етуге және саяжай алаптарының аумағынан қоқыстарды шығаруға жәрдемдесуді сұрады. Қала тұрғындарын белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар үшін баспанаға айналатын қараусыз қалған ғимараттар да алаңдатады.

Барлық айтылған сұрақтар бақылауға алынды.

Айта кетейік, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың жеке қабылдауына 8 (7222) 52-39-21 телефоны бойынша жазылуға болады.