
Сіздерді 27 мамыр күні орталық Арбат алаңында өтетін Абай облысының құрылуына бір жыл толуына орай «Жайна, Абай облысы» мерекесі аясында қолөнершілер, шеберлер мен суретшілер алаңының ашылу салтанатына шақырамыз!
Ашылу салтанатында бабадан қалған әндерді қаз қалпында нақышына келтіріп орындайтын «Бибігүл» қазақ халық аспаптар оркестрі мерекелік бағдарлама ұсынады.
Концерт барысында арбат алаңына жаз және күз айларының жаймашуақ күндері қойылатын өңірлік қолөнер шеберлері мен суретшілерінің жәрмеңкесі салтанатты түрде ашылып, тұсауы кесіледі.
Ата-бабамыздан қалған және жаңа әдіспен жасалатын қолөнер бұйымдарын жасау бойынша шеберлік сабақ өткізіледі.
️Басталу уақыты: 16:00
️Мәңгілік ел 138/1