Облыс әкімдігінде цифрлық жобаларды енгізу мәселесі талқыланды

Облыс әкімдігінде цифрлық жобаларды енгізу мәселесі талқыланды

️Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың төрағалығымен білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік функцияларды цифрландыру және автоматтандыру бойынша кеңес өтті.

️Кездесу барысында «Rating» ЖШС IT компаниясының өкілдері цифрлық жобалардың тұсаукесерін өткізді. Кеңеске сондай-ақ, Абай облысы әкімдігінің құрылыс, энергетика, білім басқармасының және Семей қаласы әкімі аппаратының өкілдері қатысты.