2023 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы

2023 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың баяндауынша

Биыл өткен жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда Қазақстан экономикасы 5%-ға өсті.

Оның ішінде нақты сектордағы өсу 4,8%-ды, ал қызмет көрсету саласындағы өсім 4,9%-ды құрады.

Негізгі салалардың барлығында оң динамика тіркеліп отыр, әсіресе, құрылы, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс ең жоғары өсім көрсетті.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 18%-ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,1%-ға өсті.

Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 2%-ға жоғарылады.

Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 15,4%-ға ұлғайды.

4,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,9%-ға жоғары.

Ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 3,6%-ға ұлғайды.

7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасындағы жалпы жағдай мынадай:

Барлық көрсеткіш бойынша оң өсу 10 өңірде тіркелді: Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жетісу, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары, сондай-ақ Алматы қаласы.