
13-14 мамырда Испанияның Барселонасында жасөспірімдер мен ересек спортшылар арасында киокушинкай каратэден ашық Еуропа чемпионаты, сондай-ақ 6-13 жас аралығындағы балалар арасында "SPANISH OPEN" халықаралық турнирі өтті.
Чемпионатқа 18 елден 300-ден астам каратэші қатысты.
Абай облысының спортшылары бірінші кезеңде екі алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды.
Қазақстан қоржынына “алтын” Еркебұлан Бектұрсын (8-9 жас, -30 кг), Алдияр Мажитов (8-9 жас+30 кг)," күміс" - Нұрдос Тоқтарбек (14-15 жас,- 60 кг)," қола " – Айбүбі Әбдікәкім (12-13 жас,+50 кг), Дамир Байжаханов (14-15 жас, -60 кг), Азамат Хайырлыбаев (14-15 жас, -50 кг) медаль салды.