
Шара барысында инспекторлар заңсыз балық аулау фактісі бойынша табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 2 фактісін анықтады.
Ұсталғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383.1 бабы бойынша 2 әкімшілік хаттама толтырылды.
Мұндай рейдтік іс-шаралар, сондай-ақ балық аулау және балық ресурстарын қорғау ережелерін бұзу фактілері бойынша аудандардың аумақтарын патрульдеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетін болады.