Жеңіс Күні қарсаңында біз Сіздермен қымбатты ардагерлеріміздің тарихымен бөліскіміз келеді

Жеңіс Күні қарсаңында біз Сіздермен қымбатты ардагерлеріміздің тарихымен бөліскіміз келеді

Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмайды!

Ұлы Отан соғысының ауартпалығын көзбен көріп, соғыстың зардабынан жақындарынан айырылған қиын сәттерін қайсарлықпен мойымай көтере білген ардагерлердің бірі - Загидуллин Наил Гашигулович.

Ол татар елінің Буин ауданына қарасты Кабалан ауылында 1926 жылы дүниеге келген. Жастайынан еңбекке араласып, ата-анасына көмек қолын созып, қолғабыс жасаған. Отбасында егістік алқабының жерін тыңайтып, егін егіп бала кезінен қара жұмысқа араласып, 5 кластық қана білім алған.

Қарт майдангер 1943 жылы Қызыл әскерге шақырту алып, Моңғолияда 4090 әскери бөлімшесінде әскери қызметін атқарып кейіннен, Жапонияға қарсы соғысқа қатысады. Оның бөлімшесі 282 дивизияның 43-атқыштар полкінің құрамына кіріп ең алғаш соғыс алаңына шығады.

️Қазақтың кең даласына Наил Загидуллин 1950 жылы ағасына қонаққа келген. Жарма жерінің табиғаты, қазақ халқының бауармалдығы баурап, осы жерде өзінің өмірлік серігі Екатерина Хакимованы кезіктіріп, отбасы құрады.

«Біз қиын да қызықты өмір сүрдік. Алдымен Балажалда жұмыс жасап, кейін Бөке көнішіне қоныс аудардық. Мен электростанцияда машинист болып қызмет атқардым, бір жерде жұмыс жасап жүріп, 43 жасымда зейнеткерлікке шықтым
Біздің көрген қиындығымызды болашақ ұрпақ көрмесе екен, әлемде тыныштық, бейбітшілік болса, баға жетпес байлық - осы, - деп жүрек жарды лебізін жеткізді қарт майдангер.

️Балаларын тәрбиелеп өсіріп, ұяларына қондырған Наил Гашигуловичтің жары өмірден ертерек өтіп кеткеніне қиналса да, нағыз ер-азаматқа тән қайсарлықпен тағдыр сынағына қарсы тұра білген ардақты ардагер.