Абай облысының жас спортшылары ірі жарыстарда жүлделі орындарға ие болды

Абай облысының жас спортшылары ірі жарыстарда жүлделі орындарға ие болды

Ташкентте өткен панкратион бойынша әлем чемпионатында U20 (20 жасқа дейінгі спортшылар) арасында 57 кг салмақ дәрежесінде Абай облысынан шыққан Аружан Тынысбек 1 орын алды. Өзбекстан астанасында өткен турнирде Салмағы 62 келіге дейінгі спортшылар арасында 2 орынды Әмір Алканов иеленді.

Биыл панкратион бойынша әлем чемпионатына 500-ге жуық спортшы, оның ішінде 65 қазақстандық қатысты.

Сондай-ақ, Павлодар қаласында өткен грэпплингтен ҚР Жастар біріншілігінің қорытындысы бойынша Семей спортшысы Бекжан Самарханов 77 келі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды.

Жас спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!