Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың «Береке бастауы — бірлік» атты мерекелік шарада сөйлеген сөзінен:

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың «Береке бастауы — бірлік» атты мерекелік шарада сөйлеген сөзінен:

Ардақты ағайын!
Құрметті жерлестер!

Ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына тоғыстырған айтулы мереке – Қазақстан халқының бірлігі күні баршамызға құтты-берекелі болсын!

Дана халқымызда «Ынтымақты елге бақ қонар» деген ұлағатты сөз бар...

Осынау ұстанымды басшылыққа алған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, бір сөзінде «Бірлік, татулық және бейбітшілік – біздің мызғымас құндылықтарымыз» деп ерекше атап өтті.

ТҰРАҚТЫЛЫҚ пен ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ – елдігімізді бекемдейтін қастерлі құндылық, тәуелсіздігіміздің тірегі, жарқын болашақ кепілі.

Жүзі басқа болса да – жүрегі бір, тілі басқа болса да – тілегі бір ұлт пен ұлысты біріктірген көп ұлтты мемлекетімізде, тек қана тату тірлігіміздің арқасында бейбітшілік салтанат құрды!

«Бейбітшіліктің кіндігі» болған Абай елі – қарт Семейімізде де, халқымыз Ұлы Абайдың мұраларын арқау етіп, «Адамзаттың бәрін, бауырым деп сүйіп», ел бірлігін еселей түсуде.

Бүгінде облысымызда 50 этномәдени бірлестік төл мәдениеті мен өнерін, ана тілі мен бай мұрасын насихаттау жолында белсенді жұмыс атқаруда.

Осы сәтті пайдаланып, өңір өмірінің жарқын болуына ерекше үлес қосқан барша жерлестеріме шынайы алғысым мен ризашылығымды жеткіземін!