Семейде мереке қарсаңында аламан бәйге өтуде

Семейде мереке қарсаңында аламан бәйге өтуде

Ұлы Отан соғысының ардагері Әйкел Жақыпбекұлының 100 жылдығына орай Семей қаласының Степной кентінде еске алу бәйгесі ұйымдастырылды.

Жарысқа Қазақстан мен шет елдердің шабандоздары қатысуда. Іс-шараның қонағы қала тұрғындарымен қатар Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев болды.

25 шақырымдық аламан бәйгенің бас жүлдесіне Mitsubishi L200 автокөлігі, 10 шақырымдық бәйгенің бас жүлдесіне Hyundai Accent автокөлігі, 7 шақырымдық жорға бәйгенің бас жүлдесіне Chevrolet Cobalt автокөлігі, 6 шақырымдық құнан бәйгенің бас жүлдесіне Нива автокөлігі және бағалы сыйлықтар ойнатылады. Сондай-ақ, көкпар ойынының салым жүлдесі 3 млн теңгені құрайды.


Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева сахнада өнер көрсетіп қатысушылардың рухын көтерді.