Семейде ЖЭО-3 салу перспективаларын Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев және «Интер РАО» энергетикалық компаниясының өкілдері талқылады

Семейде ЖЭО-3 салу перспективаларын Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев және «Интер РАО» энергетикалық компаниясының өкілдері талқылады

Өңір басшысының айтуынша, процесті кейінге қалдыруға уақыт жоқ. Айта кетейік, Семейде жаңа ЖЭО салу жобасы техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу сатысында тұр.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында Абай облысының жұртшылығымен кездесуде еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың әкімшілік орталығында жаңа ЖЭО-3 салуды тапсырған болатын.