
Конкурстың өңірлік деңгейдегі кезеңіне 5 үміткер қатысты.
Өңірлік деңгейдегі комиссия үміткерлермен әңгімелесу өткізді және ұсынған жобаларын көрді.
Әңгімелесу барысында комиссия үміткерлердің сауалнамалық деректерін, жобалық жұмысының креативтілігін, жергілікті қоғамдастықтың бағасын, әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып, Абай ауданы, Қарауыл ауылдық округінің әкімі Бекбаев Өмірбек Жанарбекұлы өңірлік деңгейдегі үздік ауыл әкімі болып анықталды.
Конкурсқа қатысқан үміткерлердің ішінен топ жарып, өңірлік деңгейдегі үздік ауыл әкімі болған Өмірбек Жанарбекұлы ағымдағы жылдың маусым айында өткізілетін Республикалық деңгейдегі конкурсқа жолдама алды.