Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен жиында сөз сөйледі

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен жиында сөз сөйледі

Өңір басшысы өткен жылы облыстың қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 104,9% -. құрағанын атап өтті.
Ең үлкен өсім жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінде 120,4% - ға, өнеркәсіп өнімінде 109,7% - ға, құрылыста 108,8% - ға, өңдеу өнеркәсібінде 106% - ға тіркелді.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 8,2% - ға өсіп, 420,4 млрд теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімін шығару 473,3 млрд теңгеге жетті. Өсімге мал шаруашылығындағы өндіріс көлемін 4,1% - ға ұлғайту есебінен қол жеткізілді.

Сонымен қатар, аймақ басшысы 340,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгені туралы хабарлады, бұл 3 352 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

«Өндірістік белсенділік әлеуметтік көрсеткіштерге оң әсер етті», - деп атап өтті өңір басшысы.