
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев ұйымның әлемдегі бейбітшілікті сақтаудағы ерекше рөлін атап өтті.
– Біздің Абай облысы және оның әкімшілік орталығы – Семей қаласы Қазақстанның мәдени, рухани және тарихи орталығы болып саналды. Мұндай кездесулер жаһандану кезеңінде достық және дипломатиялық қарым-қатынастарды нығайту үшін өте маңызды. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан алғашқы елдердің бірі. Ал «Bike for рeaсe» қозғалысы - бейбітшілік пен қарусыздану саласындағы белсенді күресуші. Біз сіздердің бейбітшілік саясаттарыңызды жақтаймыз, елімізді халықаралық аренада қолдап отырғандарыңыз үшін алғыс айтамыз, – деді аймақ басшысы.
Бұл ретте Нұрлан Ұранхаев өлкеміздің руханияты мен мен мәдениетіне де тоқталды.
– «Ромео мен Джульетта» туралы бүкіл әлем біледі, бірақ біздің жерімізде де мұндай оқиғалар болғанын көбі біле бермейді – бұл Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың, сондай-ақ Еңлік пен Кебектің ескерткіштері біздің облыста бар. Бұл туристер жиі келетін орындардың бірі. Осы саланы дамытуға да дайынбыз,- деді Нұрлан Ұранхаев.
Белсенділер Қазақстанға, атап айтқанда, Семей қаласына бірнеше рет келген.
"Bike for Peace" - Норвегияда орналасқан және 1970 жылдардың аяғынан бері жұмыс істеп келе жатқан ұйым. Осы уақыт ішінде олар әлемнің 120-дан астам елінде 240-тан астам бейбітшілік пен достық шерулерін өткізді.
Велосипедшілер 2 жыл бұрын "Бүкіл әлемдегі бейбітшілікке қадам" кітабын шығарды. Онда Қазақстан туралы, оның ішінде 2011 жылы Бейжің-Алматы-Мәскеу-Берген веложарысы туралы айтылады. Сол кезде олар Астана-Семей-Алматы маршруты бойынша жеке сапар жасаған еді.