“Атамекен" ҰКП-ның өңірлік филиалы кәсіпкерлікті дамытуға, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға, НҚА сараптамасына, саланы дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуге, кәсіпкерлердің құзыретін арттыруға, өңіраралық салалық өзара іс-қимылға кедергі келтіретін өзекті проблемалық мәселелерді анықтауға және шешуге басты назар аударады

Жыл басынан бері облыста 72 кәсіпкердің құқығы қорғалған.

- Негізінен кәсіпкерлерден шағымдар мемлекеттік сатып алулар және оларды өткізу рәсімі, тапсырыс беруші тарапынан шарттық қатынастарды орындамау, салықтық әкімшілендіру, жерді пайдалану, кеден мәселелері бойынша да келіп түседі, - деп атап өтті Абай облысының Кәсіпкерлер Палатасы төрағасының міндетін атқарушы Әлия Жүрсімбаева.

Палата қызметінің негізгі түрлерінің бірі - кәсіпкерлерге консультациялық көмек көрсету. Мысалы, кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бойынша 2023 жылдың I тоқсанында 172 қызмет, барлығы 1436 ақпараттық-кеңес көрсетілген.

- Шағын және орта бизнес арасында мемлекет қолдауы және кәсіпкерлікті дамыту шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта біз 214,2 млн теңгені құрайтын 44 жоба бойынша жұмыс істейміз, оның ішінде 59,4 млн теңгеге 10 жоба іске асырылды. Сондай-ақ "Аграрлық кредиттік корпорация" арқылы 45 млн. теңгеге бір кредит беру жобасы іске асырылды. Бизнес жобаларды іске асыру барысында проблемалық мәселелер туындаған жоқ, - деп толықтырды Әлия Жүрсімбаева.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер палатасы төрағасының м.а. жазда Семей қаласында алғаш рет "Қазақстанның үздік тауары" байқауы өтетінін хабарлады. Барлық мәліметтерді әлеуметтік желілерден алуға болады.