Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Сыртқа ілсең жарнама, ана тілін қорлама!» айлығы аясында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң талаптары мен нормалары» атты облыстық семинар-кеңес өтті

Семинардың негізгі мақсаты Тілдік негізде кемсітушіліктің кез келген түрлерінің алдын алу мақсатында деректемелер мен көрнекі ақпараттағы мемлекеттік тілдің сауатсыз жазылуына жол бермеу болып табылады.

Семинар-кеңес барысында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» және тіл саясатына қатысты басқа да Заңдардың талаптары түсіндіріліп, ақпарат берілді. Сонымен қатар, қалалар мен аудандардың бөлім басшылары айлық барысында атқарылған жұмыс туралы ақпараттарымен бөлісті.

Іс-шара соңында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң талаптары мен нормаларын орындау бойынша Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Абай облысының кәсіпкерлер Палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы, сонымен қатар жолаушылар көлігі қатынастырындағы тіл мәселесін ретке келтіру бойынша «АвтоТрансСемей», «ТАКСОМОТОРНЫЙ ПАРК» жауапкершілігі шектеулі серіктестерімен «Ынтымақтастық туралы» меморандумдарға қол қойылды.

Аталған меморандум шеңберінде облыс өңірлерінің жергілікті атқарушы органдары қалалар мен аудандардың кәсіпкерлік Палаталарының филиалдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқаратын болады.