
Бұл туралы «Отбасы банкі» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Мира Конопя баспасөз мәслихатында айтып берді.
Мира Конопя атап өткендей, 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап «Отбасы Банкі» АҚ «Дипломмен – ауылға» жобасының агенті болып тағайындалды.
Жоба тұрғын үй сатып алуға немесе салуға несие беруді, сондай-ақ көтеру жәрдемақы төлеуді қарастырады.
– Азаматтардың уақытын үнемдеу және қызмет көрсету процесін жеңілдету үшін жоба цифрландырылды. Қазақстандықтардың өтінімдері otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимінде қабылданады,- деп атап өтті Мира Конопя.
Сонымен қатар, 17 наурызда банктің барлық салымшылары 10 пайыз көлемінде өтемақы алды. Бұл өтемақы теңгедегі депозиттерді қолдау бағдарламасы аясында есептелді. Абай облысы бойынша 25 мыңға жуық тұтынушы өтемақы алған.