Сүт безі обырын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері

Сүт безі обырын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері

Ядролық медицина және онкология орталығында ҚР Президент істері басқармасының медициналық орталық ауруханасының мамандарымен ынтымақтастықта диагностика сапасына ықпал ететін заманауи әдістер енгізілуде, бастысы сүт безінің қатерлі ісігін емдеу.

Бұл компьютерлік томографиямен (ОФЭКT/КT) біріктірілген бір фотонды эмиссиялық компьютерлі томографияны қолдана отырып, тарамдалған «күзетші» лимфа түйіндерін зерттеу.
«Күзетші» лимфа түйіндері деп, қатерлі ісік жасушалары өзінің жолында ісіктен әрі қарай лимфа ағыстары бойымен бірінші болып кездестіретін лимфа түйіндерін айтады. Сүт безі қатерлі ісігі жағдайында мүндай лимфа түйіндер әдетте, қолтықта орналасады.

«Күзетші» лимфа түйіндерді зерттеу әлемде сүт безі диагностикасының маңызды бөлігі болып табылады. Мұндай зерттеу ағзадағы қатерлі ісік жасушаларының таралу дәрежесін ұғынуға мүмкіндік береді, бұл бұдан былайғы емдеу тактикасын айқындайды.
Ісік дамуының белгілі бір кезеңінде қатерлі жасушалар лимфа жолдары арқылы ағзаға тарай бастауы мүмкін.

🩻Омыраудағы ісік жағдайында қатерлі жасушалар сүт безінен қолтық тұсына түседі - дәл сол жерде олардың жолында «күзетші» (немесе белгі беруші) деп аталатын алғашқы лимфа түйіндері кездеседі. Олар ұзақ уақыт бойы ағзадағы қатерлі ісік жасушаларының одан әрі таралуын тежей алады.

«Күзетші» лимфа түйіндерін зерттеу арқылы қатерлі ісіктен тыс таралуы туралы маңызды ақпарат алады. Біріншіден, лимфа түйіндерін радиоизотопты картирлеу процедурасы (лимфосцинтиграфия) жүргізіледі, ол үшін ісік аймағындағы сүт безінің тініне арнайы радиоизотопы енгізіледі.

Картирлеуде, ОФЭКТ/КТ кескіндерінде радиоизотоптың жиналу орындары белгіленеді - бұл сол «күзетші» лимфа түйіндер. Мұндай зерттеудің нәтижелері қатерлі ісіктің таралу дәрежесін анықтауға көмектеседі және пациент үшін емдеудің қандай комбинациясы оңтайлы болады: хирургиялық әрекет, сәулелі терапия және химиотерапия қажет пе.

Айта кету керек, күзетші лимфа түйіндерінің ОФЭКТ/КТ тек Астанада ғана қолданылады, бірақ жақын арада ол Семейдің Орталығының онкологтары үшін де қолжетімді болмақ. Бұл Ядролық медицина және онкология Орталығы, ҚР Президент істері басқармасының медициналық орталық ауруханасының және Семей қаласының медицина университеті арасындағы ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумның арқасында мүмкін болды.

Бірнеше күн ішінде ҚР Президент істері басқармасының медициналық орталық ауруханасының жетекші онкологтары мастер-класстар өткізеді, оның барысында сүт безінің қатерлі ісігі кезіндегі күзетші лимфа түйіндерінің ОФЭКТ/КТ әдістемесі бойынша барлық ерекшеліктері мен артықшылықтары көрсетілетін болады. Оқытуды ҚР ПІБ МО ядролық медицина орталығының басшысы Айгүл Садвакасова және ҚР ПІБ МОА бас онкологы Назар Сейдалин жүргізеді.