
Бүгінгі таңда республиканың электр станцияларына техникалық аудит аяқталды. Бұл жұмысқа халықаралық консультанттар тартылған.
Нәтижесінде тозу, негізгі жабдықтардың жарамдылық мерзімі, отын шығыны, технологиялық бұзушылықтар және т.б. көрсеткіштер бойынша рейтинг қалыптастырылды.
Барлық 37 ЖЭО бойынша әкімдіктермен бірлесіп, алдағы жылу беру маусымына дайындық үшін жол карталары жасалып жатыр.
Республикадағы жылумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы – шамамен 14 мың шақырым.
Ел бойынша желілердің 54%-ы орташа деңгейде тозған. 7,5 мың шақырым желіні ауыстыру қажет.
Жалпы 2029 жылға қарай жылу құбырларының тозуын 43%-ға дейін төмендету міндеті тұр.