
Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындар қатысатын сенбілік келесі аптаға шегерілген болатын. Десе де коммуналдық қызметтер өз жұмыстарын штаттық режимде жалғастырып жатыр.
▫️Бүгін санитарлық тазарту жұмыстары келесі пункттерде жүргізілуде. Олар: Степной, Шығыс, Суық бұлақ, Кирпичный, Березовский кенттері мен құс фабрикасы аумағы.
Айта кетейік, бүгін санитарлық тазалауға және рұқсат етілмеген полигондарды жою жұмыстарына 20 тиегіш пен 50 самосвал көлігі жұмылдырылды.