Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

Облыс әкімінің қабылдауына келген Семей қаласы, Водный кентінің белсенділері жолдарды жөндеу, жарықтандыру мәселелерін қозғады.

Аймақ басшысы атап өткендей, 2023 жылға Водный кентінде жолдарды ішінара бейіндеу бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланған. Кенттегі жолдарды асфальттау, Семей қалалық Құрылыс және ТҮКШ бөлімдерінің келісімі бойынша су құбырларын орнату жұмыстары аяқталғаннан кейін қаралатын болады.

Тұрғындардың шағымы негізінде, Семей қаласы, Чайкина көшесінің бойында көпқабатты тұрғын үй салу барысында көлік жолын жауып тастаған құрылыс компаниясы ҚР «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 312 баптың 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Абай облысы әкімінің тапсырмасымен Семей қаласының әкімі ертең аталған ауданға барады деп жоспарлануда.

«Мұрат 1, 2» кентінде электр энергиясы үшін төлем «Шығысэнерготрейд» ЖШС мен Қоғамдық бірлестік арасында жасалған шарт бойынша жүзеге асырылатын. Аталмыш мәселені шешуді өтінген кент тұрғындарына жасалуы қажет әрекеттердің қадамдық алгоритмі ұсынылды. Жоспар жүзеге асқаннан кейін тұрғындар үшін жеке шот ашу процедурасы басталады.

Бұл ретте, азаматтарды қабылдау барысында өңір басшысы облыс тұрғындарының бірқатар сауалдарына жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, Абай облысы әкімінің қабылдауына көрсетілген телефон нөмірі арқылы жазылуға болады: 8 (7222) 52 39 21.