Абай облысының мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыру кезінде енгізілген өзгерістер туралы сұрақтарына жауап алды

Абай облысының мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыру кезінде енгізілген өзгерістер туралы сұрақтарына жауап алды

Абай облысына жұмыс сапарымен Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев келіп, Жарма және Көкпекті аудандарын 11 сынып түлектерімен кездесу өткізді.

‍ Оқушылардың назарын ҰБТ өту үдерісіндегі жаңалықтарға аударды, балаларды академиялық адалдыққа бағыттады және оларға өткен жылғы статистиканы ұсынды, онда тыйым салынған заттарды алып кірген оқушылардың нәтижелері жойылғандығы аталды.

Балалар барлық көкейтесті сұрақтарға жауаптар, пайдалы кеңестер алды.
Бүгін де ҰТО директоры Шәкәрім атындағы университет базасында Семей қаласы мектептерінің 500 түлегімен кездесу өткізеді. 8 сәуірде Абай ауданының мектеп түлектерімен кездесу жоспарланған.