
Ұлттық экономика министрлігі жұмысы аясында
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, соның ішінде орта кәсіпкерлікті ынталандыру жөніндегі кешенді жоспар әзірленеді.
«Тарифті инвестицияларға айырбастау» қағидатына сәйкес, тарифтік саясатты реформалау шеңберінде электрмен, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы желілердің тозуын (20%-ға дейін) төмендету жұмысы басталды. Бұл авариялардың санын азайтуға және қызмет сапасын арттыруға ықпал етеді.
Бүгінгі таңда тарифтерді өзгерту және қолданыстағы инвестициялық бағдарламаларды ұлғайту үшін құқықтық негіздер қалыптастырылды.
Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасында шекара маңындағы аумақтарды дамытуға айрықша көңіл бөлінді.
Шекара маңындағы өңірлерді қоса алғанда, бүкіл ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған құралдардың бірі «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру болады.
️Энергетика министрлігі жұмысы аясында
Экономиканың өсуін ескере отырып, табиғи газды ішкі тұтыну айтарлықтай өсті. Атап айтқанда, 2020 жылмен салыстырғанда 2 млрд текше метрден астамға ұлғайып отыр.
Ел экономикасын газбен қамтамасыз ету мақсатында:
Газ өндіруді ынталандыру бойынша заңнамалық өзгерістер қабылданды.
Қашаған, Қарашығанақ кен орындарында газ өңдеу бойынша жаңа зауыттарды іске асыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
Нәтижесінде тауарлық газ өндірісі 2025 жылы айтарлықтай өседі деп күтілуде.
Биыл І жартыжылдықтың сонына дейін:
энергия тиімділігі мен тауарлық газды ұтымды тұтыну жоспары әзірленеді;
атаулы әлеуметтік көмек алатын халықты қоспағанда, тұрмыстық тұтынушылар үшін ұқыпты тұтынуды ынталандыратын газға сараланған тарифтер тетігі енгізіледі.
Биыл 1 шілдеден бастап электр энергиясын бірыңғай сатып алушы және электр энергиясын теңгерімдеуші нарық тетігі негізінде электр энергиясы нарығының жаңа моделіне көшу жоспарлануда.
Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған электр станцияларын жаңғырту бойынша жобалар іске асырылуда. Олар 2027 жылға қарай 1 700 МВт-тан астам электр энергиясын іске қосуға мүмкіндік береді.
Көкшетау және Семей қалаларында жаңа жылу электр орталықтарын салу бойынша жобалар пысықталуда.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шаралары туралы
Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысы аясында:
Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бекітілген Ұлттық жоба шеңберінде:
655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектісін салу,
сондай-ақ жарақтандыру, күрделі жөндеу, реконструкциялау жолымен 32 көпбейінді аудандық орталық аурухананы жаңғырту көзделеді.
Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Медицина мамандығының беделін арттыру шеңберінде бірқатар іс-шара жүзеге асырылуда.
2023 жылдан бастап үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламаларын енгізу.
2023 жылдан бастап резидентураға гранттарды қосымша 70%-ға ұлғайту басталды.
Медициналық жоғары оқу орындарында білім алушыларға стипендияны жыл сайын 15-20%-ға ұлғайту.
Дәрігерлердің жалақысын 30%-ға, орта медицина қызметкерлерінің жалақысын 20%-ға арттыру.