
Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мен Білім басқармасы, Alikhan Bokeikhan University, «Abai IT-Valley» және Astana Hub туристтерге арналған мобильді қосымшаны әзірлеуге бағытталған хакатон өткізді.
Хакатон - Абай облысына келетін туристтерге арналған, цифрландыруды дамытуға үлес қосатын мобильді қосымшаны әзірлеу мақсатында, мобильді өңдеудің әртүрлі бағыттарында маманданған UI/UX дизайнерлерінің, front және backend-әзірлеушілерінің топтық жарысы.
Абай облысына, Семей қаласына келетін туристер үшін IOS және Android бағдарламаларына арналған мобильді қосымша әзірлеу үшін 48 сағат ішінде 60 қатысушы 15 командаға біріктірілді.
1-орын: SVT, Семей қаласының №7 ЖОББМ лицейі (100. 000 теңге)
2-орын: ESSEBA, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (50. 000 теңге)
3 номинация 10.000 теңгеден марапатталды:
- «Үздік дизайн» (Creators, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті)
- «Үздік идея» (ITSFEK, Рымбек Бейсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі)
- «Таза код» (Danq, Бабланов Дәурен)
Жеңімпаз атанған SVT тобы туристерге қазақ тілін, Абай Құнанбаевтың шығармаларын, Абай Құнанбаевтың шығармаларын, Абай облысының көрікті жерлерін танытуға арналған Discover Abai мобильді қосымшасын қорғады. Бұл қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолданылатын интуитивті интерфейс.
Іс-шара барысында барлық қатысушыларға Astana Hub білім беру бағдарламаларының жеңілдіктеріне сертификаттар берілді.
Сыйлықтардың демеушісі - Alikhan Bokeikhan University.
Қосымша ақшалай сыйлықтардың демеушісі - «Абай облысындағы индустрия қауымдастығы».