Абай облысы Көкпекті ауданының 5 елді мекені таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Абай облысы Көкпекті ауданының 5 елді мекені таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында ағымдағы жылы Көкпекті ауданының Биғаш, Шұғылбай, Шәріптоғай, Мамай, Қараймойыл атты 5 елді мекені таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Бүгінгі күні аталған ауылдарға таза ауыз су тарту бойынша барлық конкурстық рәсімдер аяқталып, мердігер компания анықталды.

Сонымен бірге бүгінгі күні - Ақ ой, Толағай, Үкілі қыз, Ажа ауылдарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, жобалық сметалық құжаттама дайындалуда.