
Медициналық мекеменің бас дәрігері Умуд Эфендиев Бородулиха ауруханасының республикада алғашқылардың бірі болып лапароскопия әдісін қалай енгізгені туралы айтып берді.
Оның айтуынша, қазірдің өзінде аппендэктомия, өт қабын алу, жатырдан тыс жүктілікті емдеу секілді 1500-ден астам ота жасалған.
- Оталардан кейінгі асқынулар байқалмады. Науқастардың барлығы 3-4-ші күндері шығарылды. Бородулиха ауданынан ғана емес, басқа өңірлерден де емделушілерге ота жасалды, - дейді Умуд Эфендиев.
Жас хирургтер эндоскопиялық операциялар бойынша оқудан өткен, оларды оқыту белсенді түрде жалғасуда.
– 2016 жылы Талдықорғанда лапароскопиялық хирургияны аудандық деңгейде енгізу тәжірибесі бойынша шеберлік сыныбына қатыстық. 2020 жылы Қазақстан эндохирургтер қауымдастығының 8-ші конгресінде «Бородулиха аудандық ауруханасында эндохирургияны қолданудағы біздің тәжірибе» атты баяндама жасадық, - дейді аудандық аурухананың бас дәрігері.
ӘМСҚ арқасында ірі қалалардың, ауылдардың және аудандардың тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық қызметтер қолжетімді. Әрбір науқас медициналық сақтандыру қоры есебінен барлық қажетті медициналық көмек пен дәрі-дәрмекпен қамтылуда.