
Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде өнер әуесқойлары клубының кездесуі өтті.
Тыныш жайлы ортада әлемді тамашалау қандай керемет. Ал әлем заттардан тұрады.
Міне, кітап. Ол көптеген қолдан өтті. Көптеген көзбен кездесті. Ал, міне стақан. Ол қаншама ерінге тиіп, қаншама саусақтардың жылуын сезінді.
Мүмкін, голландиялық суретшілер Питер Клас, Виллем Клас Хеда, Юриан ван Стрек, Балтазар Ван дер Аст, Питер Артсен бірнеше ғасыр бұрын әлемді тап осылай қабылдаған болар. Өнер сүйер қауым клубының кезекті кездесуінде олар жайлы әңгіме қозғалды.
Көптеген еуропалық тілдерде натюрморттың «тыныш өмір» (Stilleben (неміс), stillife (ағылшын), stilleven (нидерланд)) деп аталуы бекер емес.
Бүгінгі күні адамдарының өмірі көз ілеспейтін жылдамдықпен өтіп жатыр, ал өнер сүйер қауым клубында XVII ғасырдағы голландиялық суретшілер тәрізді, бір мезет қоршаған заттарға назар аударып, оларды есте сақтап қалу үшін натюрморт салынды.