
«Ертіс өңірі» өлкетанушылар қоғамы Абай атындағы кітапхана ғимаратында «Өлкетанушылардың 2022 жылғы олжалары» атты қонақ бөлмесін өткізді.
Шара барысында қоғам төрағасына «Сіңірген еңбегі үшін» (Признание заслуг) медалі табысталды. Сонымен қатар «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өкілдері табиғат пен экологияны сақтау туралы сөз сөйлеп, Альбина Халел Көкентау өңірі туралы айтып берді. Оның айтуы бойынша экспедиция барысында үш аялдама жасалды. Бірінші рет ескі құдықтың жанында, екінші рет саман мазарлардың жанында. Ал үшінші аялдама «Чистое» көлінің жанында. «Қызыл киіз үй» қыстағының жанында Көкен-тау жотасының етегінде лагерь құрылды. Бұл жерде петроглифтер салынған көптеген үңгірлер (грот) бар.
Ал Екатерина Гуляева Бесқарағай ауданы, Стекляка ауылына сапары туралы баяндады. Атап айтқанда, сол жерден көне ыдыстың табылып, өлкетану мұражайына тапсырылуы және “Қасиетті бұлақтың” маңында мамонт сүйектерінің табылуы туралы айтты. Қонақ бөлменің модераторлық тізгінің ұстаған Наталья Рыкова Бесқарағай ауданы Белокаменка ауылына сапары туралы айтып берді. Белокаменка форпостына жасалған сапарда «охра» табылып, адамдар олжалы оралған.
Шарада охра бояуын жасау және тасқа суреттер салу бойынша шеберлік сабағы өткізілді. Қатысушылар оны үгітіп, оған май қосып, материалды сұйылтып тастарға сурет салды. Бұл өзін суретші ретінде сынап көруге мүмкіндік берді. Айта кету керек, іс-шараға Жапония ғалымдарының делегациясы да қатысты.