
Осы және өзге де мәселелерді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев пен Қазақстан шахмат федерациясының президенті, кәсіпкер Тимур Турлов талқылады.
Белгілі болғандай, Федерация алдында Мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүзеге асыру, атап айтқанда шахмат секцияларының санын екі есе арттырып 14 мыңға дейін жеткізу, шахматты кеңінен насихаттау жұмыстарын жалғастыру арқылы зиялы ұлттың қалыптасуына үлес қосу міндеті тұр. Сондай-ақ жаңа чемпиондарды тәрбиелеу. Бұл тұрғыда Абай облысының мақсаттары федерациямен үндеседі.
Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев атап өткендей, интернеттің таралу аясын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте өңірде бұқаралық спортты дамытуға қажетті инфрақұрылым құру бірінші кезектегі міндеттердің бірі болып табылады.