
2023 жылғы 20-25 наурыз аралығында Шымкент қаласында өткен жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада қорытындысы негізінде ауыл балаларының ішінде ең жоғары балл жинаған Абай облысы Бородулиха ауданының 10 сынып оқушысы Шаукенов Амир «Ауылдық жердің үздік оқушысы-2023» атағына ие болды.
Олимпиадаға Шаукенов география пәнінен қатысты. Осындай қызық әрі тартымды ғылымға деген құштарлық 8-сыныптан басталған. Олимпиадада оған екінші практикалық турдың тапсырмалары ұнағанын айтты. Табиғат алаңында тапсырмаларды орындау барлық қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды, өйткені стандартты емес жағдайларда білімді қолдану тапқырлық пен шеберлікті қажет етті.
«Болашақта жақсы нәтиже көрсету үшін мен әлі де көп оқимын», - деді ол.